Конференция аясында елiмiздегi iргелi «Әзiрет Сұлтан» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-музейi «Яссауи мұралары» тақырыбында көрме ұйымдастырды. Көрме экспозициясына 50-ден астам жазба жауһарлары көпшiлiк назарына ұсынылды.
Оның iшiнде аса құнды қолжазба кiтаптар, сонымен қатар көне Түркiстанның ХIХ ғасырдағы жағдайынан сыр шертетiн фото суреттерi қойылды.
Көрменi тамашалауға облыс әкімінің орынбасары Н.Нүркенов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы С.Бөрібаева, яссауитанушы ғалымдар, мәдениет және қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.