Ясауи кесенесін жармақшы болған шетелдікке үкім шықты

Dalanews 19 қыр. 2023 13:30 750

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне террористік шабуыл жасауды ұйымдастырды деп айыпталған Тәжікстан азаматына қатысты сот процесі аяқталды.  Сот оны кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін террористік шабуыл дайындалғанын мәлімдеген болатын. Сотта шетелдіктің экстремистік діни көзқарас ұстанатыны анықталды. Ол шабуыл құрбандарының көп болуын қалаған нысан ретінде кесенені таңдағанын айтты. Жоспар бойынша, ол Түркістанға келіп, қонақ үй нөмірін жалға алып, әлеуметтік желіден өзіне пікірлес адамдарды іздей бастайды.

«Оған пікірлес адамдар – екі ағасы бар қыз шықты. Көп ұзамай олар жеке кездесті, діни тақырыптарда сөйлесті, кесенеге барды. Шетелдік мұнда дұға ететін барлық қауым опасыз және олардың көзін жою керек деп мәлімдеді. Содан кейін жаңа таныстарымен бірге ер адам кесенеге тағы бірнеше рет барып, оны тексеріп, өзі жасайтын жарылғыш заттарды қоюды жоспарлады, ол үшін интернеттегі нұсқауларды егжей-тегжейлі зерттеді» делінген сот хабарламасында.


Ол кесененің бұрыштарына қою үшін төрт бомба дайындаған. Алайда, оның жоспары жүзеге аспады. Себебі, қыз бен ағайынды ер азаматтар ҰҚК қызметкерлері болып шықты. Сотта айыпталушы қасиетті жерлерге ғибадат ету үшін келгенін, ағалары лаңкестік шабуылға мәжбүрлеген қызбен танысқанын мәлімдеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар