Сөзіне қарағанда, Мелитопольдың түбінде оның кортежін мұздай қаруланған топ күтіп тұрған.
«Шамасы басынан бақайына дейін қаруланған, екі ауыр пулеметтері бар 100 қаралы адам жолымды кесіп, кортежіммен қоса қырып кетпек болды», – дейді Викторекең.
Алайда қарулы топты амалын тауып айналып өткен Янукович Ресей жеріне аман — есен жетіпті.
Бұдан сырт ол 45 жыл бірге тұрған әйелімен ажырасқанын да айтқан.
«Қазір мен өзімнің бұрынғы аспазшымның апайымен тұрып жатырмын. Екеуміз Украинадан бірге қашқанбыз» депті Янукович.