Хуторлық Хасан Қасымбаевтың ісі прокуратураға түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Stan.kz мәліметінше, Алматы облысының полициясы Хасан Қасымбаевқа, сондай-ақ, басқа да айыпталушыларға қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуін аяқтаған. Қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-бөлігі "Ұрлау", 106-бабының 2-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және 194-бабының 2-бөлігі "Бопсалау" бойынша іс жүргізілген.
21 шілдеде іс материалдары айыптау қорытындысымен бірге қадағалау органына жіберілді. Алматы облысының прокуратурасы оларды зерделеп, кейіннен процессуалдық шешімдердің заңдылығын зерделеп жатыр. Мұны облыс прокуроры Берік Адамов мәлімдеді.
Хасан Қасымбаев қылмыстық-атқару жүйесінің №72 мекемесінде қамауда отыр.