Хасан Қасымбаевқа қатысты сот басталды

Сағыныш Сардарова 20 там. 2025 15:37

Хасан Қасымбаевқа қатысты сот басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл іс Талғар аудандық сотында қаралып жатыр.

Істі судья Айнагүл Түкібаева қарап жатыр. Айыпталушылар орындығында Хасан Қасымбаевтан бөлек тағы бес адам бар. Процесс мемлекеттік тілде ашық түрде өтіп жатыр.

Еске салайық, Хасан Қасымбаев былтыр қамауға алынған болатын. Кейін полиция мәлімдеме жасап, Хасан Қасымбаевтың ұсталуы Шерзаттың өліміне байланысты емес екенін хабарлады.

ПД мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол Арман Әлімовті ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген.

Оқиға 2021 жылы маусымда болған. 

"Қазір қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу жүргізіліп жатыр", - деді бұған дейін Алматы облыстық ПД өкілдері. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар