Халықтың қалтасына қол сұғу ма? Енді ескі көлікпен жүргендерге айыппұл салынбақ

Көркем Алдабергенова 07 ақп. 2024 16:52 13463

Енді ескі көлік айдап жүргендерге 1,4 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы қоғам белсендісі Санжар Боқаев айтты. 

"Енді біздің мемлекет ескі көлік айдап жүрген қазақстандықтарға 1,4 миллион теңгедей айыппұл салмақ. Статистиканы алатын болсақ, елімізде 4 миллион автокөлік бар екен. Соның тең жартысы - 2 миллионы 20 жылдан асқан екен. Енді кез келген екінші жүргізуші елімізде айыппұл төлеуге мәжбүр. Себебі 20 жылдан асқан автокөлік экологиялық стандарттарға сай келмейді. Біріншіден, біздің автопарктердің ескіріп, тозып кеткеніне халық кінәлі емес, үкіметтің өзі кінәлі. Себебі соңғы он жылдың ішінде утильалым, басқа да нәрселерге өте жоғары көлемдегі төлемдер бар, соның бәрі автокөлік тапшылығына, оның қымбаттауына алып келді де халықтың қалтасы оны көтере алмай қалды", - дейді Санжар Боқаев. 

Санжар Боқаев бұл үлкен әділетсіздік екенін айтады.

"Билік олигополиямен күресеміз, елден ұрланған ақшаның бәрін қайтарамыз деп қаншама айтып келеді. Бірақ әлі халықтың қалтасына қол сұға беруді тоқтатпады. Менің ұсынысым - экологияны шынымен ойласаңыздар автопаркті жаңарту керек. Ол үшін утильалым, кеден және басқа да төлемдердәі азайтуымыз керек. Халыққа айыппұл сала бермей, кішкене болса да жағдайын жасап беруді үкімет қашан ойлайды екен?", - дейді ол. 

Dalanews.kz тілшісі бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтау мақсатында тиісті органдарға сұрау салды. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар