Халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы адвокат Астанаға жеткізілді

Сағыныш Сардарова 14 қаз. 2025 10:30

Халықаралық іздеуде жүрген бұрынғы адвокат Астанаға жеткізілді. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

11 қазанда ҰҚК ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген елордалық алқаның бұрынғы адвокатын шетелден Астана қаласына жеткізді.

"Ол аса ірі көлемдегі сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілініп, 2023 жылдан бері әділ соттан жасырынып жүрген. Қазір күдікті тергеу изоляторында қамауда", - деп жазылған хабарламада.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар