Қазақстандықтар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Халық табысы өссін! Өнеркәсіп дамысын!» деген петиция жолдады.
Петицияда экономиканың мұнай мен ресурстарға тәуелділігін азайту үшін елде көбірек жаңа кәсіпорындар ашуға шақырады.
«Жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылса, азаматтарымызға мыңдаған жұмыс орны ашылады. Қазақстандықтар отандық азық-түлік, үй, автокөлік, дәрі-дәрмек алады. Ішкі нарықты өз тауарымызға толтырады», — делінген мәтінінде.
Жергілікті өндіріс дамыса әр отбасының табысы артып, жақсы жалақы төленіп, өмір сапасы артады дейді.
«Әр өндіріс — артында бала-шағасы тұрған адамдардан жиналған әскер. Жергілікті өндіріс кәсіпкерлік пен инновацияларға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сол арқылы экономиканың жаңа секторлары дамиды. Оны үкімет қолдауы керек. Жергілікті тауар мен материалдарды ынталандыру арқылы халыққа қауіпсіз әрі экологиялық таза орта қалыптасады. Жаңа технологияларды ішкі нарықты қауіпті өнімдерден қорғап қолдауға болады», — делінген құжатта.
Қазіргі уақытта мемлекет өзін ауыл шаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмай отыр деп жазып жатыр жұмысшылар.
«Сүт, ет өнімдері, фармацевтика, металлургия, машина құрастыру сынды салаларда импорт үлесі көп болса да, өсу әлеуеті мол. Осы секторларды дамыту арқылы біз сапалы, қауіпсіз өнімдермен қамтылып, еліміздің егемендігін арттырып, әр азаматтың өмір сапасын жақсартады. Протекционизм сынды қатаң шаралар енгізіп, отандық бизнесті қолдау — дамыған әлемдік державалардың жемісін көрсеткен әрі кең таралған тәжірибе. Әлдекімдердің бас-пайдасы үшін экономикалық тәуелділігін ешкім бере қоймайды. Ақша ел ішінде қалуы керек!» – деп жазған.
Сондай-ақ, құжатта үкіметке көлеңкелі импорттық тауарларды кіргізуге кедергіні күшейтіп, отандық өндірісті қолдау шараларын арттыру керегі айтылған. Петиция ресми сайтта 25 мамырда жарияланған. Қазіргі таңда 9 мыңнан астам адам қолдап, қол қойған.