«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы: Алматыдағы аллея жаңартылды

Қаракөз Амантай 31 қаз. 2024 10:40 309

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 3 шақырым аллея абаттандырылды.

Алматыда Тұрғұт Өзал көшесінен Мұқанов көшесіне дейін ұзындығы 2,6 км, жалпы аумағы 5,2 гектар болатын бөлінген жолақта абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Алматы әкімдігінен мәлім еткендей, аталған аймақта жөндеу жұмыстары 15 жыл бұрын жүргізілген. Алеяны жаңғырту барысында сапалы материалдар қолданылды.Жол мен жаяу жүргіншілерге арналған аймақтарды жайлы ету мақсатында ыңғайлы орындықтар, функционалды шамдар және берік жабын төселді.

Сәулетші Владислав Филатов азаматтардың «Халық қатысатын бюджет» жобасына атсалысуы сапалы қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді.

«Әрқайсымыз «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына қатысу туралы ойлануымыз керек.Бұл қаланы көркейтуге үлес қосудың тамаша мүмкіндігі. Осындай жобалардың арқасында тұрғындардың идеясы шындыққа айналып жатқанын көріп отырмыз», – дейді ол.


Абаттандыру аясында 7810 шаршы метр жаңа кеспе тас төселіп, 4882 метр жиектас орнатылды, бұл аллеяның көркін келтіріп, жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы етті. Ұзындығы 10 800 метр болатын су құбыры жасыл желекті суаруға арналған. 21 000 шаршы метр аумақта көгал егіліп, 2500 бұта отырғызылды, 110 қоқыс жәшігі және 150 жарықтандыру бағанасы орнатылды,бұл қауіпсіздік пен жайлылықты арттырады.

Осылайша, көріктендіру жұмыстарының нәтижесінде жаңартылған аллея қаланың функционалды және эстетикалық бөлігіне айналды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар