Қазақстан ерлер құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында стенд атудан трап бәсекесінде сынға түсті, деп хабарлайды dalanews.kz ҰОК-қа сілтеп.
Қазақстан құрамасы командалық жарыста 348 ұпай жинап, қола медальға ие болды.
Кувейт құрамасы 355 ұпаймен топ жарса, Қатар 349 ұпаймен күміс медаль жеңіп алды.
Бұл сайыста ел намысын Даниил Почивалов, Әлішер Айсалбаев және Марк Почивалов қорғады.