Халық қалаулыларымен кездесу

Dalanews 05 мам. 2021 05:51 833

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары Сұлтан Дүйсембинов пен Нұрлан Қылышбаев жұмыс сапармен Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылында болып қайтты. Ауылдың дамуымен және келешекке жоспарларымен танысты. Жұмыс сапары барысында Қоғалы ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысымен және 2019 жылы күрделі жөндеуден өткен Панфилов орта мектебінің қазіргі жағдайынмен танысты.


Бірінші кезекте Кербұлақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары өтіп жатқан Қоғалы ауылдық мәдениет үйіне барды. Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының барысынмен мердігер Жаныбеков Айбек және Кербұлақ ауданының тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әділхан Әділжан Әділханұлы таныстырды. 350 орындық мәдениет үйінде 9 үйірме(домбыра, ән, би, әжелер ансамблі, хор үйірмесі т.б.), коворкинг орталығы, кітапхана, оқу залы болады. Мердігер "Авторемстрой Лтд" ЖШС.


Мәдениет үйінен кейін Сұлтан Дүйсембинов пен Нұрлан Қылышбаев 2019 жылы күрделі жөндеу жұмыстары өткен Панфилов атындағы орта мектебін
барды. Мектеп директоры Қалықов Қуат мектепте оларды қарсы алып, мектептің қазіргі жағдайымен таныстырды.


Сондай-ақ, 2020 жылы Қоғалы ауылдық округі әкімдігінің тапсырысы бойынша салынған "Жастар" саябағындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішінде болып, айналаны аббаттандыру және көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Саябақ 2020 жылы салынып, қазіргі кезде аббаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп 100 түп ағаш отырғызылды.

Раушан Бисембекова,
Кербұлақ ауданы әкімінің
баспасөз-хатшысы 



Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар