Хабарландыру

Dalanews 11 там. 2022 05:17 836

«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - Университет) конкурстық іріктеуді жариялайды:

- Келесі бос лауазымдар бойынша: 1) директор; 2) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары; 3) директордың ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары; 4) директордың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:

а) Педагогика және психология институты;

б) Жаратылыстану және география институты;

в) Тарих және құқық институты;

г) Филология және көптілді білім беру институты;

д) Математика, физика және информатика институты;

- Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры;

- Сорбонна – Қазақстан институтының 1) директор; 2) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары; 3) директордың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Директор, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың ғылыми және халықаралық қатынастар ісі жөніндегі орынбасары: Жоғары білімі және (н/е) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, ғылым кандидаты немесе докторы дәрежесі, ғылыми атағы және білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Директордың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Жоғары білімі және (н/е) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, магистр академиялық дәрежесі, білім ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

 

Егер Сіз конкурсқа қатысуға қызығушылық танытсаңыз, құжаттарды 2022 жылғы 27 тамызға дейін (қоса алғанда) жолдауыңызды сұраймыз.

Конкурстық құжаттар сканерленген нұсқада келесі электрондық поштаға ұсынылу мүмкіндігі бар: hr.konkurs-2022@abaiuniversity.edu.kz, сондай-ақ, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13 (№103 кабинет, 1 қабат) мекен-жайы бойынша қолма-қол қабылданады.

Конкурсты өткізу күні, орны және форматы қосымша хабарланатын болады.

Анықтама телефондары: 8(727)291-82-57.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар тапсыратын құжаттар тізімі:

1)  түйіндеме;

2) жоғары білім туралы дипломдардың көшірмелері, академиялық және ғылыми дәрежесі (болған жағдайда), ғылыми атағы туралы құжат (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

3) келесі тақырыптарды көрсететін (электронды түрде, көлемі 5 слайдтан артық емес) жобаларды таныстыру:

1) «Алдағы 3 жылдағы Институттың жалпы көрінісі»;

2) «Академиялық қызметтегі инновациялар»;

3) «Ғылыми қызметті дамыту»;

4) «Білім беру бағдарламаларын жаңғырту және жобалау» (Директорлар және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары үшін);

- «Тәрбие қызметін ұйымдастырудың жаңа тәсілдері» (директорлардың әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін).

Презентацияға қойылатын жалпы талаптар: 1 (бір) презентацияға қажетті уақыттың орташа есебі 7 минуттан аспауы тиіс, ұсынылатын шрифт өлшемі ≥ 20.

 Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) және т. б. қосымша ақпаратты ұсынуға құқылы.

* Байқаудан өткен жағдайда құжаттардың толық тізімін ұсыну қажет.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар