Wildberries-тегі шабуылдан кейін министр қазақстандықтарға отандық маркетплейстерді таңдауға кеңес берді

Wildberries-тегі шабуылдан кейін министр қазақстандықтарға отандық маркетплейстерді таңдауға кеңес берді
Фото: Shutterstock

Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ресейдегі Wildberries қоймаларына жасалған шабуылдардан кейін қазақстандықтарға мүмкіндігінше отандық маркетплейстерді пайдалануға кеңес берді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Министрдің айтуынша, онлайн сауда алаңын таңдағанда тауардың бағасына ғана емес, жеткізу кепілдігіне, платформаның беделіне және сатып алушының құқықтарын қорғау тетіктеріне де назар аудару қажет.

Сонымен қатар, Арман Шаққалиев тым арзан бағамен ұсынылатын тауарларға сақтықпен қарауға шақырды. Оның сөзінше, мұндай ұсыныстар кей жағдайда алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін. Қазіргі уақытта Сауда және интеграция министрлігінде Wildberries оқиғасынан зардап шеккен қазақстандық кәсіпкерлердің нақты саны мен келген шығын көлемі туралы түпкілікті мәлімет жоқ.

Алдын ала бағалауға сәйкес, Ecommerce-kz қауымдастығының дерегінше, аталған жағдайдан 100-ден астам кәсіпкер зардап шегіп, келтірілген шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асқан.

Еске салайық, 18 шілдеге қараған түні Ресейдегі Wildberries-тің екі логистикалық орталығына ұшқышсыз ұшу аппараттарымен шабуыл жасалған болатын. Осы оқиғадан кейін терроризм актісі бойынша қылмыстық істер қозғалған.