Виктор Храпунов сатып жіберген медициналық мекеме мемлекетке қайтарылды

Көркем Алдабергенова 05 мау. 2024 14:52 2868

Алматыда құны 3 млрд теңге болатын Жедел медициналық көмек кешенін мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұған дейін Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жыл 27 қазандағы шешімімен, қала прокурорының мемлекеттік мүлікті жеке меншікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылғаны хабарланған болатын. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Ауданы 3974 м2 және 50 сотық жері бар бұл кешенді, Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.

Қазіргі уақытта жылжымайтын мүлік, қала әкімінің 25 сәуірдегі қаулысымен жедел медициналық жәрдем қызметінің теңгеріміне берілді, қосымша қосалқы станция ашу жоспарлануда.

Еске салайық, бұған дейін Храпунов Алматыны басқарған кезінде шығарған шешімі жарамсыз болып қалғанын жазған едік.15 ақпанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылы 27 қазандағы мүліктік жедел медициналық жәрдем кешенінің бір бөлігін жеке меншікке шығару туралы шешімді жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

Сотта Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ауданы 3800 м2 және 50 сотық жер (Райымбек даңғылы, 196) ғимаратты жеке құрылымдарға шығару туралы шешімінің заңсыздығы расталды.

Нәтижесінде қадағалау органының шараларымен қаланың денсаулық сақтау саласындағы мүліктік кешеннің бір бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар