Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кремльдің мәліметінше, құттықтау хаттары сондай-ақ Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан басшыларына да жіберілген. Бұдан бөлек, Грузия мен Молдова халықтарына арнайы үндеу жолданған.
Бұған дейін Кремль Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына қатысатын шетелдік қонақтардың тізімін жариялаған болатын. Алайда жарияланған тізімде Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі болмаған.
Соған қарамастан, ресейлік БАҚ бұған дейін Тоқаевтың 9 мамырдағы іс-шараларға қатысуы мүмкін екенін хабарлаған еді.