Вьетнам басшысы Астанадағы әскери парадқа қатысады

Қаракөз Амантай 07 мам. 2025 10:00 445

Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам Астанадағы әскери парадқа қатысады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
"Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады", - деп жазылған хабарламада.
Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар