Вакцина алу? 1 қыркүйекте тексеріс басталады - Денсаулық министрлігі

Dalanews 10 там. 2021 10:10 806

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі вакцина салдырмаған қызметкерлерді анықтау бойынша тексерістің басталатын уақытын нақтылады.

Ведомствоның мәліметінше, жұмыс орындарында вакциналауға қатысты тексеріс 10 тамызда емес, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады.

Бұған дейін қызметкерлер екпенің бірінші компонентін 2021 жылдың 10 тамызына дейін, ал екіншісін 1 қыркүйекке дейін алуға тиіс екені хабарланды. Медициналық қарсы көрсетілімі бар азаматтар мен соңғы үш айда коронавируспен ауырғандар вакциналаудан босатылады.

Сонымен қатар вакциналанбаған қызметкерлер аптасына кемінде бір рет ПТР-тестілеуден өтуі керек (медициналық қарсы көрсетілімі барлар мен соңғы үш ай ішінде ауырған адамдарды қоспағанда).

10 тамызға дейін кімдер вакцина салдыруы керек


- халыққа қызмет көрсету нысандары, оның ішіне мыналар кіреді:

  • халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), "Қазпошта" АҚ бөлімшелері,

  • екінші деңгейлі банктер, қаржы нарығының нысандары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар,

  • сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, киім жуу орындары,

  • фитнес орталықтары, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар,

  • типографиялық қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, кеңсе техникасын жөндеу сервисі,

  • нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызмет көрсету бойынша нысандар, өзге де нысандар;


- халық тұтынатын өнімдер мен тауарлардың көтерме және бөлшек сауда (сақтау) нысандары, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда және ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;

- мәдениет және демалыс нысандары: музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары;

- халық тұратын қызмет көрсету саласындағы нысандар: қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалары;

- жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, көлік және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;

- білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдар;

- санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы нысандар (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

- қоғамдық тамақтану нысандары, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын нысандар, стрит-фудтар;

- барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік нысандар (қарттар, мүгедектер үйі, сәбилер үйі және басқалары);

- денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;

- дәріхана ұйымдары;

- тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық нысандары (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);

- экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;

- демалыс нысандарының, ойын-сауық ойын нысандары: компьютер клубтары, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар;

- байланыс және телекоммуникация нысандары.

Егер қызметкер вакцина салдырмаса, онда жұмыс берушіге айыппұл салынады.

Екпе алмаған қызметкерге айыппұл салынбайды.

Вакциналанбаған қызметкерге салынатын айыппұл мөлшері


Лауазымды тұлғаға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады – 43 775 теңге (шамамен 100 доллар);

  • шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар субъектілері - 100 АЕК немесе 291 700 теңге (685доллар);

  • орта бизнес – 200 АЕК немесе 583 400 теңге (1370 доллар);

  • ірі бизнес – 500 АЕК немесе 1 458 500 теңге (3420 доллар).


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар