Қаулыда көрсетілгендей, әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмысын шектеу талаптарына сәйкес, «қызыл» аймақта 80%-ы қашықтықтан істеу режиміне, 20%-ы күндізгі режимге ауыстырылуы тиіс. «Сары» аймақта: 50%-ы қашықтықтан істеу режиміне, 50%-ы күндізгі режимге көшуі тиіс. «Жасыл» аймақта: 30%-ы қашықтықтан істеу режиміне, 70%-ы күндізгі режимге ауысады.
Ескертпеде ұйымдар, кеңселер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинация жүргізген жағдайда қашықтықтан және тікелей жұмыс орнына бару форматтарында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескерместен қызметін жүзеге асыратыны түсіндіріледі. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып, жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне болады. Осылайша, вакцинацияның толық курсын алған азаматтар өздерінің тұратын жерлерінің қай аймақта екеніне қарамастан күндізгі режимде жұмыс істеуге жіберіледі.
– Әрбір жұмыс беруші оның кәсіпорны толығымен жұмыс істеуі үшін өз ұжымын вакцинациялауға қызығушылық танытады. Шынында да вакцинацияланбаған қызметкерлер қашықтықтан істеуге кетеді. Егер біз осы инфекцияны жеңгіміз келсе, қалыпты өмірге оралып, коронавирусты жеңе алатын иммундық қабат құрғымыз келсе, онда әркім уақтылы егілуі керек. Менің ойымша, бәрі екпе алу шешім қабылдайды және осы процесті одан ары кешіктірмейді. Егер адам вакцинаның бірінші компонентін алса, онда ол міндетті түрде екінші компоненттен өтуі керектігі туралы хабардар етіледі, – деп хабарлады Ә.Қалықова.
Сондай-ақ, ол жұмыс берушілер өз ұжымдарында екпе салдырудың өте маңызды екенін түсіндірулері тиіс деп атап өтті.