Qazaq Air пилоттары компания басшылығына талап қойды: Көлік министрлігі не дейді?

Сағыныш Сардарова 12 қаз. 2025 15:16

Qazaq Air әуе компаниясының пилоттары компания басшылығына үндеу жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz

Мәлімдемеде қойылған негізгі талаптар:

  • түнгі рейстер үшін төлем жүйесін қайта қарау,
  • командирлердің жалақысын көтеру,
  • екінші пилоттардың жалақысын көтеру,
  • барлық пилот үшін төлемді арттыру.

"Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі әуе компаниясынан бұл мәлімдемені елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес қарауды талап етеді", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Qazaq Air әуе компаниясының 49 %- ы Sovico тобына, тағы 49% -ы Самұрық Қазынаға, ал 2%-ы Kazasia Holding Limited компаниясына тиесілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар