Вакцина алған төрт адам қайтыс болған. Денсаумин түсінік берді

Dalanews 19 мам. 2021 13:21 1008

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғаннан соң көз жұмған қазақстандықтардың ісін тергеуге байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Барлық жағдайлар Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Алматы облысында алғашқы жағдай қалалық перзентханада жұмыс істеген әріптесімізге қатысты тіркелді. Комиссияның жұмысы аяқталды. Ол созылмалы жүрек ауруымен ауырған, диспансерлік есепте тұрған, бірақ уақтылы дәрігерге қаралмаған, гипертензияға қарсы дәрі ішпеген.

Сондай-ақ, комиссия вакциналарды сақтау және оны медициналық ұйымның қабылдауына дейінгі барлық жолдарды, барлық санитарлық нормаларға сәйкестігін талдады.

Сот-медициналық зерттеудің нәтижелері дайын және комиссияның шешуші қорытындысына сәйкес, бұл вакцина вирусомия тудыруы мүмкін емес екенін ескерілді, яғни дәл осы науқастың мәйітінен вирусомия белгілері немесе вирустармен, атап айтқанда коронавирус вирусымен органдардың зақымдану белгілері анықталмады, соған сәйкес өлімге епкенің қатысы жоқтығы нақтыланды.

Негізгі себеп - созылмалы жүрек талмасы ауруы, оның вакцинациямен ешқандай байланысы жоқ, - деп түсіндірді Ғинаят.

Ол тағы бірнеше істі тергеудің қазіргі жағдайы туралы айтты.

Екінші жағдай - Алматыда дәрігерге қаралмаған, диспансерлік есепте тұрмаған, қалалық емханада вакцинаның екінші компонентін алған ер адам.


– Науқаста қан қысымы көтеріліп, жүрек ауруы болған. Бұл мәселе бойынша сот-медициналық сараптама әлі аяқталған жоқ, комиссия жұмыс істеп жатыр, сондықтан оның әлі қорытындысы шыққан жоқ.

Ақтөбе облысында үшінші жағдай тіркелді. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы комиссиясының қорытындысына сәйкес, науқас созылмалы ауруға шалдыққан, бұл көбіне ишемиялық инсультке алып келетін аритмия. Оның да вакцинациямен байланысы анықталған жоқ.

Бүгінгі күнге дейінгі төртінші іс - екінші компонентті алғанына 12-ші күн болған науқастың жағдайы. Бірақ бұл арада да комиссия жұмыс істейді, оның қоыртындысын қосымша хабарлаймыз, - деп сөзін аяқтады вице-министр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар