Үздік ғалымдар марапатталды

Dalanews 06 қаз. 2017 07:24 697

Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы Springer Nature халықаралық басылымымен жылсайынғы Springer Nature Awards марапаттау рәсімін өткізді. Шара «Springer Nature open days» аясында ұйымдастырылды, онда Қазақстаннан және Орталық Азия елінің ұйымдары мен жиі басылымға шығатын авторлар маратталады.

Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының президенті Әділ Ыбраев құттықтау сөз сөйлеп, Springer компаниясымен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Аталмыш компания Білім және ғылыми министрлігімен алғаш болып ұлттық пікірсарап жасасқан болатын.

- Web of Science платформасында орналастырылған InCites талдау құралының мәліметтері бойынша, 2012-2016 жылдар аралығында қазақстандық еңбектің 11 пайызға жуығы 255 Springer халықаралық журналына жарияланған. Соңғы 10 жылда жоғары деңгейдегі пікірталасқа ие болған 22 қазақстандық мақаланың үштен бір бөлігі Springer Nature журналында жарық көрді. Бұл факт аталмыш басылыммен ынтымақтастықтың маңыздылығын ерекше атап өтеді. 2017 жыл қазақстандық журналдардың халықаралық басылымдарға жарық көруіне бағытталған жыл болды. Егерде бұған дейін Web of Science мәліметтер базасында бірде-біреуі болмаса, бүгінде бұл олқылықтың орны жойылған, қазірде онда 6  журнал бар, – деді Ә. Ыбраев.

– Марапаттау рәсімі ресми форматта емес, ол өз алдында ғалымдарға тәжірибе алмасып, өз жетістіктері мен еңбектерін, нәтижелерін паш етуге, ал жас ғалымдарға тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз рейтингі жоғары шетелдік журналдарда қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері мен жариялынымдарының сапасын арттырып, санын көбейтуге, қазақстандық ғалымдар үшін тренингтер мен арнайы шеберлік сабақтарын өткізуде ауқымды жұмысты атқарып жатырмыз. Осы уақыт аралығында 290-нан астам көшпелі семинар өткізіліп, 7000-нан астам ғалым кәсіби біліктілігін арттырды. Тек соңғы жылдары ғана қазақстандық авторлар Springer Nature журналында осыншама рет жарияланды: 2011 жылы – 169 мақала, 2012 жылы – 225 мақала, 2013 жылы – 277 мақала, 2014 жылы – 395 мақала, 2015 жылы – 388 мақала, 2016 жылы – 397 мақала. 2017 жылдың қыркүйек-қаңтар айлары аралығында қазақстандық ғалымдармен 357 мақала жарияланды, – деді Springer Nature басылымының вице-президенті Аздаа Котани.

Springer Nature аталымында жүлдегерлер атанғандар: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Назарбаев университеті, Ядролық физика институты, Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, ҚР Ұлттық ғылым академиясы, ҚР органикалық синтез және көмір химиясы институты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Ж. Әбішев атындағы химия-металлургиялық институты.



Жарияланған мақалалар тізбегінде Орталық-Азия өңірінен ең үздіктер қатарында Springer Nature басылымында марапат алғандар: Өзбекстанның ғылым академиясы, Тәжікстан Республикасының ғылым академиясы, Қырғыз Республикасының Ұлттық академиясы.

Springer Nature аталымы бойынша Биотехникалық және биомедицина саласында жарияланған ең үздік мақалалар қатарында жүлдегерлер атанғандар: химия ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы қолданбалы химия институтының директоры Ерлан Сүлеймен, биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің деканы Заядан Болатхан, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, химия ғылымдарының докторы, профессор, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің зертхана меңгерушісі Гаянэ Атажанова, химия ғылымдарының докторы, Ассоциялық профессор, Л.Н.Гумилев атындағы жетекші ғылыми қызметкер Жанар Ысқақова.

Springer Nature аталымы бойынша Жаратылыстану ғылымдары саласында жарияланған ең үздік мақалалар қатарында жүлдегерлер атанғандар: физика-матемика ғылымдарының кандидаты, ядерлі физика кафедрасының доценті, Л.Н.Гумилев атындағы инженерлік профиль зертхнасының басшысы Максим Здоровец, химия ғылымдарының докторы, доцент, Ж.Әбішев атындағы химия-металлургиялық институтының бас ғылыми қызметкері Шұға Қасенова, химия ғылымдарының кандидаты, Ассоциялық профессор, Ж.Әбішев атындағы химия-металлургиялық институтының жетекші ғылыми қызметкері Жеңісгүл Сағынтаева, химия ғылымдарының кандидаты, профессор, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, ЯМР-спектроскопия инженерлік профилінің зертхана басшысы Төлеген Сейілханов, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ядерлі физика институты бас директорының орынбасары Бөртебаев Насыролла, ҚР Органикалық синтез және көмір химиясы институтының ғылыми қызметкері Сәтпаева Жанаргүл Болсынбекқызы, химия ғылымдарының докторы, профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, химия факультеті, химиялық технология және мұнайхимия кафедрасының меңгерушісі Мырзабек Байкенов, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, физика-математика ғылымдарының докторы, физика және нанотехнология физика-технология факультетінің профессоры Ниязбек Ибраев, Артем Козловский, Алдашев С.А., Ядерлі физика институты астаналық филиалының инженері Дмитрий Шлимас, химия ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті физикалық химия, катализ және мұнайхимия  кафедрасының профессоры Жақсынтай Қайырбеков.



Springer Nature аталымы бойынша  Технология саласында жарияланған ең үздік мақалалар қатарында жүлдегерлер атанғандар: химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Жоғары мектеп Ғылым академиясының академигі Мансұров Зұлхайыр Аймұхаметұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, техникалық ғылымдардың докторы, профессор, ядерлі физика институтының бас ғылыми қызметкері Володин Валерий Николаевич, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ядерлі физика институтының иондық-плазмалық технология зертахасының меңгерушісі Жақанбаев Елдар Асхатұлы, PhD (инжиниринг) докторы, Назарбаев Университетінің инженерлік мектебінің докторы, профессор  Жұмабай Бакенов, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Ассоциялық профессор, С. Баишев атындағы Ақтөбе университеті зертханасының меңгерушісі Аят Қайрақбаев.

Springer Nature аталымы бойынша  әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласында жарияланған ең үздік мақалалар қатарында жүлдегерлер атанғандар: педагогика және психология PhD докторы, Алматы менеджмент университеті ғылыми зерттеу орталығының директоры  Данияр Сапарғалиев, ботаника және фитоинтродукция зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы Лилия Димеева, PhD докторы, Ассоциялық профессор, Назарбаев университеті, Жоғары мектебінің қызметкері Әлия Қожабекова.

Springer Nature аталымы бойынша жарияланған ең үздік мақалалар қатарында Орталық-Азия өңірінен жүлдегерлер атанғандар: «Физика-Күн» Физика-техникалық институтының бас директоры (Өзбекстан), инженерлік ғылымдардың докторы Нилуфар Авезова, физика-математика ғылымдарының докторы, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы математика институтының профессоры Уткир Розиков, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы институтының директоры Қанат Абдрахманов.

Шара аясында қазақстандық мақалалардың рейтингі жоғары шетелдік басылымдарға шығуы және қазақстандық басылымдардың халықаралық шетелдік стандарттарға сәйкестігі мәселесі бойынша қазақстандық авторлар мен ғылыми журналдардың редакторлары үшін халықаралық шеберлік сабақтар өткізілді. Шеберлік сабақты Nature Physics журналының Бас редакторы Бартом Верберк және Springer Nature өкілі Ирина Александрова өткізді. Шеберлік сабақтың тақырыбы: «Рейтингі жоғары журналдарда ағылшын тілінде Қазастаннан мақалалар санын арттыру»; «Қазақстандық журналдардың сапасын арттыру».



 

"ҚмД" ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар