Үйқамаққа шығарылмайды

Dalanews 20 жел. 2019 03:02 773

Қарағанды облыстық сот алқасы Қазақстанның бұрынғы Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаның адвокатының апелляциялық арызын қанағаттандырудан бас тартты.

Адвокат Нұрлан Бейсекеев экс-министрдің бұлтартпау шарасын өзгертіп, сотты Нұр-Сұлтанға ауыстыруды өтінген. Шкарупаның қамауда отыру мерзімі 16 желтоқсанда аяқталған.

Бір жылдан бері Қарағандыдағы тергеу абақтысында отырған Анатолий Шкарупа желтоқсан айының басында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазып, «өзінің ойдан шығарылған айыптаулар негізінде қамауда отырғанын» айтқан.

Бұл іс бойынша Шкарупадан бөлек «Тұрғын үй-коммуналдық даму қоры» компаниясының басқарма басшысы болған Қайсар Байдалы мен ENERCO компаниясының директоры Ерлан Набиевке де айыптар тағылған. Үшеуі де мемлекет ақшасын талан-таражға салды деп айыпталып жатыр.


Тергеу болжамына сәйкес, Шкарупа Саран қаласының әкімі болып тұрған кезде көпқабатты үйлерді жылыту үшін жабдықтар алуға бөлінген 215 миллион теңгеден астам қаражат ENERCO компаниясына заңсыз аударылған.

Адвокат Нұрлан Бейсекеевтің айтуынша, қазір үйлерді жылытуға керекті жабдықтар сатып алынған. Бірақ тапсырысты алушы компания орталық қазандықты соңына дейін салмай қойған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар