Ұйғыр ауданында карантин жарияланатыны рас па?

Көркем Алдабергенова 04 қыр. 2024 14:52 2289

Алматы облысының әкімдігі сібір жарасына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Әкімдік мәліметінше, Ұйғыр ауданында сібір жарасына күдікті жағдайлардың анықталуына байланысты ветеринарлық-санитарлық уақытша шектеу шаралары енгізілген.

"Карантин жарияланған жоқ. Инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мал мен ауылшаруашылық жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттауға шектеу қойылды. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайтындықтан, азаматтардың жүріп-тұруына ешқандай шектеулер қойылған жоқ", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік,3 қыркүйекте Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында ірі-қара малынан Сібір жарасы анықталған болатын. Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. 

Алматы облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұл жағдайды растап, 4 адам Сібір жарасын жұқтыруы мүмкін екенін айтты. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар