«Әрнәрседе бір қайыр» деген осы шығар! Қанша күн үйде жалғызжарым жатқанымда тап болмаған ұрылар, тура қонбаған күні үйді тонап кетіпті. Алла оларды аяқ-қолсыз қалдырсын, ертерек! «Опергруппа» кеп-кетті, «әйтеуір бір табылса хабарласамыз» деп! «Тоже мне «по горячим следам» қылмыс ашқыштар дедім де койдым!
Учаскелік инспектор ұрының екеу, көліктерінің ақ мерседес екенін, телевизор ұрлаудын хит боп тұрғанын айтты да миығынан күліп кетті! «Партиядасыз ба, марапатыңыз бар ма» деп сұрағанда шок болдым! Сонда марапатталмағандардың арызын қарамай ма! Қысқасы шымкенттіктер сақ болыңыздар, үш жыл бұрын жоғалган ұрылар ояныпты! Әсіресе жер үйде тұратындар, абай болсын!
Мөлдір Нұрман
Фейсбуктегі парақшасынан алынды