Біздің үкімет ҚХР үкіметіне ондағы 61 қазақстандық студенттерді эвакуациялауға өтініш білдірді, - деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин арнайы баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Dalanews.kz.
- Бүгін таңертең хабарланғандай, біздің үкімет ҚХР-ға Ухандағы 61 студентті эвакуациялауды ұйымдастыруға ниетті екенін білдірді, - деді Бекшин.
Оның айтуынша, оларды елге алып қайту үшін арнайы қорғаныс костюміндегі қазақстандық дәрігерлері бар жеке ұшақ шығарылады.
- Келгеннен кейін студенттер жабық орынға орналастырылып, 14 күнге карантинге жабылады. Біз Қытай тарапынан өзіміздің ұшақтың шығуына келісімін бергенін күтіп отырмыз. Осы себепті де әзірге шекараны жабу мүмкін болмай тұр, - деп толықтырды сөзін бас дәрігер.
Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Ухандағы студенттерге арнайы ұшақ жіберілуі мүмкін екенін айтқан.