Мұнда 2000- нан астам профессор, доктор, ғылым кондидаты, философия докторлары мен жүзден астам академиялардың академиктері еңбек етеді.
Университет ұжымы ұрпақ тәрбиесінде өлшеусіз үлес қосып келеді. 2009 жылы әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті “Таймс” жоғарғы оқу орындарының тізіміне енді. “Бес жұлдыз” марапатына ие болған Орта Азия аймағындағы алғашқы жалғыз оқу орны.
Білікті маман болу үшін сіздер жастарға біліммен қоса тәлім тәрбие бересіздер. Үлкен өмірге қадам баспас бұрын жастардың бойына ізгілік пен адамгершілік, ізденімпаздық пен еңбекқорлық қасиеттерді сіңіруге еңбек етесіздер. Бұл үлкен қажырлықты, тынымсыз еңбек пен шыдамды қажет етеді. Бүгінгі жастар өте белсенді, дарынды, қабілетті әрі жан- жақты. Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Дамудың даңғыл жолында тек алға ұмтылуды көздейді. Міне осындай жігерлі, жанарында от бар жастарды қолдауда, оларды қанаттандыруда ұстаздық рөлі ерекше. Сіздер сол жастарымыздың өмірден өз орнын тауып кірпіш боп қалануда еселі еңбек етіп келесіздер.
“Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан”, - деген Абай атамыз. “Мұғалім- мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекеттің, ақылдың дәнін себетін, нұр қиятын жалын иесі”, - деп Чех педагогі Я.Каменский айтқандай білім беру жүйесінде жасалып жатқан инновациялық өзгерістер бағдарламасындағы құндылықтар мен дағдыларды өзара ықпалдастыра, жас түлектер бойына дарыта отырып, білім мен тәрбиені ұштастыра бойға сіңіру үшін профессор, оқытушылар құрамы аянбай тер төгуде.
Ұстаз - тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық шәкірттерінің бойынан тек жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі.
Күн санап ақпарат кеңістігі өркендей түскен заман сондықтан да сапалы білім беру жолында ұжымның бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жұмыс істеуін талап етеді.
Жастардың жан- жақты болуы үшін еліміздегі білім беру мекемелері сұранысқа сай болуы қажет. Кім болса да, қандай маман иесі болса да, өз ісін сүйіп, жауапкершілікпен қарап қызмет атқарса, нәтижеге жетері анық. Білім саласында жетілу мен кеңею, білімдар мен дағдыларды меңгеру арқылы белгілі міндеттерді шеше біліп, алға ұмтылуы қажет.
Баршамызды жігерлендіріп, ұлы шешімнің бастамасы өзіне деген сенімділікте екенін ұқтыра білген ұстаздар құрамы әлі де сан ұрпақты тәрбиелеуде, білікті де, білімді мамандар дайындауда өз үлестерін қоса береді деген кәміл сенімдеміз. Ел болашағы білімнің салтанат құруында екендігін жалау етіп көтеріп жүрген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің ұстаздар ұжымын алтын бесігіміз – университетіміздің торқалы тойы қарсаңында еңбектеріңіз жанып, қажыр-қайраттарыңыз мұқалмай, абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем болсын дегіміз келеді.
Маликова Ш.Б.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің
қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және
криминалистика кафедрасы қауымдастырылған профессоры, з.ғ.к.
Избасова А.Б.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің
қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және
криминалистика кафедрасы, PhD докторы