Сондай-ақ, басылым мәліметінше, ұшқыштар апат жағдайында қонуды сұраған, бірақ Ресей әуежайларының ешқайсына қонуға рұқсат етілмеген, кейін Каспий теңізі арқылы Ақтау бағытына жіберілген.
Сарапшы бұл сырдың бәрін қара жәшік ашатынын айтады.
25 желтоқсанда Қазақстанның батысында, Ақтау қаласына жақын маңда Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Қайғылы жағдай салдарынан 38 адам жан тапсырды. Ішінде қазақстандықтар да бар.
Dalanews.kz Қазақстанның құрметті авиаторы, осы салада 30 жылдан аса тәжірибесі бар авиа-инженер Ерғазы Әбірұлы Жолдасовтың ұшақ апатына қатысты пікірін сұұрады.
Қазір БАҚ пен әлеуметтік желіде ұшақ апатына қатысты түрлі болжам айтылып жатыр: құстармен соқтығысу, борттағы баллонның жарылуы, т.с.с. Сарапшы бұл бағыттағы өз ойын айтты.
"Бірінші кезекте ұшақ қай елдікі, сол ел басымдықта. Одан соң сол ұшақты шығарған зауыт басымдықта, олар өздерінің үлесін қорғайды. Бәрі осы тараптардың шешіміне байланысты болады", - дейді ол.
Midjourney/Tengrinews.kz
Euronews әзербайжандық ұшақтың апатқа ұшырауына ресейлік зымыран себеп болғанын жазды. Бұл туралы басылымға Әзербайжан Үкіметінің дереккөзі хабарлаған. Басылым мәліметіне сүйенсек, зымыран Грозный аспанындағы дрондар белсенді болып тұрған кезде атылған, оның сынықтары ұшақтың жанында жарылып, сыртқы қаптамасына зақым келтіріп, жолаушылар мен экипаж мүшелеріне тиген.
Сондай-ақ, басылым мәліметінше, ұшқыштар апат жағдайында қонуды сұраған, бірақ Ресей әуежайларының ешқайсына қонуға рұқсат етілмеген, кейін Каспий теңізі арқылы Ақтау бағытына жіберілген.
Сарапшы бұл сырдың бәрін қара жәшік ашатынын айтады.
"Апатқа не себеп болғанын, не үшін тетіктері істен шыққанын - бәрін қара жәшіктің құпиясы ашылғаннан кейін комиссия мүшелері айтып береді. Бұл болжам ғана", - деді ол.
ТЖМ
Авиа-инженер Ерғазы Жолдасовтың айтуынша, ұшақ апатын тергеу жұмыстары орташа есеппен бір жылдан бірнеше жылға созылуы мүмкін.
"Кейде қара жәшік, кейде дұрыс дерек табылмай жатады. Дау туғызатын ешқандай жағдай болмаса, тез шешілуі мүмкін", - дейді ол.
Сондай-ақ, сарапшы неге дәл Ақтау бағыты таңдалғанын түсіндірді.
"Ақтау мен Бакудің арасында күнде ұшып жүрген ұшқыштар ғой. Ақтау аэродромын, ол жер ашық екенін, ауа райы қолайлы екенін біледі, сол үшін таңдаған деп ойлаймын. Ақтау бас тартқан жоқ, қабылдап алды", - дейді маман.
instagram.com/mangystau_audany
"Теңізге қонғанда бірде бір адам тірі қалмаушы еді. Өйткені, біріншіден, басқаруы жоғалған ұшақты теңіздің бетіне қондыру мүмкін емес. Екіншіден, теңізден ұшақ ішіндегі жолаушыларды құтқару да өте қиын. Сондықтан теңіз, одан кейін елді мекен үстінен өтіп, ең қолайлы жерге қондырған ұшақтың кәсібилігі бас июге тұрарлық. Жаны жәннатта болсын!" - деп түйіндеді сарапшы.
25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы.
Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты тұманға байланысты Грозныйға қона алмаған, алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға бағытталған.
Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды. Жалпы қаза тапқандар саны — 38. 29 адам аман қалды.