Freedom Inside '26

Ұшақ құлады

Ұшақ құлады
Францияның оңтүстігінде Airbus А320 ұшағы апатқа ұшырады.

 German Wings компаниясына тиесілі ұшақ елдің Барселоннет қаласына жақын маңда құлаған. Соңғы мәліметтер бойынша ұшақ ішінде 142 жолаушы және 6 экипаж мүшелері болған. Europe-1 радиостанциясының хабарлауынша ұшақ Дюссельдорфтан Барселонаға бағыт алыпты.

Франция премьер-министрі Мануэль Вальс «апаттың себеп-салдары әзір белгісіз» екенін айтты.