Бүгін сол Қытай азаматының қазақ халқынан кешірім сұраған видеосы пайда болады. Өз сөзінде ол "ешқандай ұлтты қорлау мақсатында болмағанын, ескерткішке суретке түсуді ғана көздегенін" жеткізіп, мұндай білімсіз әрекеті үшін қазақ халқынан кешірім сұрапты.
Бұл суреттерге Қытайдағы қандастарымыз да қатты наразылық танытып, тиісті мекемелерден бассыздықты тиюды талап еткен көрінеді. Ұлтараздық тудыруы мүмкін мұндай жайтты алдағы уақытта болдырмаймыз деп, жергілікті билік уәде беріпті-мыс.
[video width="226" height="400" mp4="https://dalanews.kz/wp-content/uploads/2017/04/18185175_213180152503884_8111312644943642624_n.mp4"][/video]
Видео Нұрлан Сауанның әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды