Ресми ақпарат бойынша, әйел мен оның әкесі 23 мамырда құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы операциясы барысында ұсталды.
– 1987 жылы туған әйел 2020 жылы туған ұлын шамамен 250 млн сум ($25 мың) тұратын үш бөлмелі пәтерге алмастыру кезінде ұсталды. Ол қылмыстық әрекетін әкесімен бірге іске асырмақ болды, – делінген милиция хабарламасында.
Бұның алдында, 25 мамырда, Өзбекстанның ішкі істер министрлігі Қарақалпақстанның Төрткүл ауданында 13 жастағы баласын 15 мың долларға сатпақ болған әйел ұсталғанын хабарлаған. Бірнеше күн бұрын Хорезмде екі жастағы баласын 7 700 долларға сатуды көздеген әйел қолға түскен.