Әлеуметтік желіде ұшақ салонында болған жанжалдың видеосы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.
The Sun басылымының мәліметінше, оқиға Нигериядағы Асаба әуежайында United Nigeria Airlines әуе компаниясының UN0523 рейсінде болған.
Желіде тараған видеодан екі жолаушының сөзге келіп, кейін төбелеске ұласқаны көрінеді. Әлеуметтік желі қолданушылары жанжалға қатысқандардың бірі танымал инфлюенсер Matins Otse, екіншісі әзілкеш Freedom Atsepoyi болуы мүмкін екенін жазған.
Оқиғаға экипаж мүшелері дереу араласып, жанжалдасқан екі жолаушыны да ұшақтан түсірген. Кейін олар әуежайдың қауіпсіздік қызметіне тапсырылған.
Оқиғадан кейін рейс ұшуын жалғастырған.