Үш ақылы жолда рекорд: бір айда жарты миллионнан аса көлік өткен

Үш ақылы жолда рекорд: бір айда жарты миллионнан аса көлік өткен
ҚазАвтоЖол

Үш жаңа ақылы жол учаскесінде бір айда жарты миллионнан аса көлік жүріп өткен, деп хабарлайды dalanews.kz.

Олар жақында ғана ақылы режим енгізілген Қарағанды - Балқаш - Бурылбайтал, Бұрылбайтал - Күрті және Талдықорған - Өскемен жолдары.

Көлік ағынының ең жоғары көрсеткіші Қарағанды - Балқаш - Бұрылбайтал бағытына тиесілі. Бұл учаскеде бір айда 290 мың көлік тіркеліп, жалпы көрсеткіштің шамамен 55 пайызына жеткен. Ал Талдықорған - Өскемен бағытында 181 мың көлік жүріп өткен. Бұл жалпы көлемнің 34 пайызына жуық. Бұрылбайтал - Күрті учаскесінде алғашқы айда 58 мың көлік тіркелді.

Осылайша, үш жаңа ақылы жол учаскесі бойынша бір айдың ішінде жарты миллионнан аса көлік қатынағаны анықталды.

Айта кетейік, Қарағанды - Балқаш - Бұрылбайтал және Бұрылбайтал - Күрті учаскелерінде ақылы жүйе 10 шілдеде, ал Талдықорған - Өскемен бағытында 11 шілдеде енгізілген болатын.