Үрімшіде үшінші Қазақстан-Қытай ынтымақтастық форумы өтті

Dalanews 28 мау. 2024 07:30 3988

Форум барсында Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мақсатында бірнеше меморандумға қол қойылды,  деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Кездесу барысында тараптар туризм, темір жолдарды дамыту, жаңа шекара өткелдерін салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемін ұлғайту салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін талқылады.

Халықаралық форумға Түркістан облысы әкімінің аппаратынан Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров, және «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев қатысты.

Нұралхан Көшеров облысқа инвестиция тарту мақсатында Қытайлық компаниялармен келіссөздер жүргізіп, В2В форматындағы кездесулерге қатысты. Нәтижесінде жалпы құны 7,65 млрд.тг құрайтын бірнеше меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында Түркістан облысында Қазақ - Қытай бірлескен құрылыс саласында жаңа жобалар жүзеге аспақ. Келісімшарт нәтижесінде «GLOBAL ECOPROJECT» ЖШС - ның Шлагбаумдық қоршаулар мен жарықтандыру тіректерін шығаратын зауыт ашылады және «Altyn Land» ЖШС - заманауи құрылысқа қажетті кірпіш өндірісі жобасы іске асырады.

Айта кетейік, 2023 жылы ҚР мен ҚХР арасындағы екіжақты сауда көлемі $31,5 млрд (+30,1%) жетті, ҚР экспортын қосқанда – $14,7 млрд (+12,6%). 2024 жылдың қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы $9 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3%-ға жоғары.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар