ҰҚК Германиядағы банк шоттарын бұзған қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
9 желтоқсанда ҰҚК ҚР Бас прокуратурасының үйлестіруімен Германияның Федералды қылмыстық полициясымен бірлесе отырып, киберқылмыстық әрекетті тоқтату бойынша жедел іс-шараларды жүзеге асырған.
Осылайша Алматы облысында Қазақстан азаматы банк шоттары мен жеке деректерге компьютерлік технологияларды пайдаланып, заңсыз қол жеткізген деген күдікпен ұсталды.
Келтірілген залал - алдын ала болжам бойынша бірнеше жүз мың еуро.
Тінту нәтижесінде техникалық деректерді сақтау құрылғылары мен өзге де заттай дәлелдер тәркіленген.
