ҰҚК Алматыда қазақстандықты ұстады

Сағыныш Сардарова 14 қар. 2024 13:13 1596

Биыл 8 қарашада ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіріне қатысты жасырын зертхананың әрекетінің жолын кесті,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Психотроп затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 7 кг астам дайын және 30 литр мефедрон сұйық психотроп заты, сондай-ақ, зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынды.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Антикор Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпаратты жария етпеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар