Облыстық штаб төрағасы Ұласбек Сәдібеков «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндірді.
– Кандидатымыз білім мен медицина саласына да айрықша мән беріп отыр. Медицина саласында ауқымды жұмыстар қолға алынады. Еліміздегі ауруханалар мен емханалар толық жабдықталады, – деді Ұласбек Сәдібекұлы.
Кездесуде Жетісай орталық аурухананың дәрігері Перизат Ахметова бағдарламада елді дамудың даңғыл жолына бастайтын үлкен қадамдар жасалғандығын айтты.
– «Бірге» атты акцияға қатысып, өз ұсынысымды жеткіздім. Қоғамдық қабылдауға да қатысуға үлкен мүмкіндіктер жасалыпты. Сайлауалды тұғырнамада көптеген мәселелер қамтылған – деді ол.