Ұлытау облысында ауыс-түйіс жүріп жатыр: Сәтбаевқа жаңа әкім тағайындалды

Ұлытау облысында ауыс-түйіс жүріп жатыр: Сәтбаевқа жаңа әкім тағайындалды
gov.kz

Сәтбаев қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен бүгін Сәтбаев қаласының активіне жаңа әкімді таныстырды. Бүгіннен бастап Сәтбаев қаласын Кеңгірбай Смағұлов басқарады.

Кеңгірбай Смағұлов 1978 жылы туған. Ол - Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің түлегі. 2022-2023 жылдары Ұлытау облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2023-2024 жылдары Ұлытау облысы қаржы басқармасының басшысы болды. 2024-2026 жылдары Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.