2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Ұлттық қорының валюталық активтері 65,5 млрд долларды құрады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бір тоқсан ішінде қор активтерінің көлемі 3,1 млрд долларға артқан. Ал Ұлттық қордың осы кезеңдегі инвестициялық кірісі 2,92 млрд долларға жетті.
Айта кетейік, Қазақстанның 2026 жылға арналған республикалық бюджетінде мұнайдан Ұлттық қорға түсетін кірістерді есептеу бағасы барреліне 41 доллар деңгейінде белгіленген.
Қазіргі уақытта әлемдік нарықтағы мұнай бағасы бұл көрсеткіштен едәуір жоғары. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі шамамен 90,52 доллардан саудаланса, Қазақстан экспорттайтын CPC Blend мұнайының бағасы 89,98 долларды құрап отыр. Ал WTI мұнайы – 82,71 доллар, Urals маркасы 77,10–82,36 доллар аралығында бағалануда.