«Ұлттық қор – балаларға»: ондаған миллион доллар игерілмей жатыр

«Ұлттық қор – балаларға»: ондаған миллион доллар игерілмей жатыр
ЖИ: Dalanews.kz

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында жиналған ондаған миллион доллар игерілмей жатыр. Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) аудиторлары бұл қаражатты қосымша табыс әкелуі үшін инвестициялауды ұсынып отыр., деп хабарлайды dalanews.kz.

ЖАП мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2024 жылы есептелген қаражаттың 84,9%-ы пайдаланылмаған. Бұл шамамен 30,6 млн доллардың 26 млн доллары игерілмей қалғанын білдіреді.

Сондай-ақ, аудиторлардың дерегіне сәйкес, 2023-2024 жылдары есептелген қаражаттың жалпы көлемінің шамамен 70%-ы немесе 74,6 млн доллары қозғалыссыз қалып отыр.

Осыған байланысты аудиторлар пайдаланылмай жатқан жинақтарды зейнетақы активтері сияқты инвестициялау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Олардың пікірінше, бұл бағдарламаның тиімділігін арттырып, қатысушылар үшін қосымша табыс әкелуге мүмкіндік береді.

ЖАП өкілдері қазіргі механизм өзгермесе, қаражаттың едәуір бөлігі ұзақ жылдар бойы пайдаланылмай қалып, қосымша табыс әкелмей қалуы мүмкін екенін айтады.

Еске салсақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында балаларға жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысының бір бөлігі аударылады. Бұл жинақтарды олар 18 жасқа толғаннан кейін баспана алу немесе білім алу мақсатында пайдалана алады.