Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша қандай шешім қабылдады?

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша қандай шешім қабылдады?
gov.kz

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша қандай шешім қабылдағаны белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.т. жылдық 16,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Жылдық инфляция тоғыз ай бойы төмендеп, маусымда 10,3% болды. Азық-түлік инфляциясы 10,7%-дан 10,4%-ға дейін төмендеді. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 11,7% деңгейінде сақталды. 

Айлық инфляция маусым айында 0,8%, ал базалық инфляцияның маусымдық факторлар ескерілмеген бағалау медианасы 0,9% болды. 

Айта кетейік, кезекті шешім 4 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Базалық мөлшерлеме - Ұлттық банк белгілейтін негізгі пайыздық көрсеткіш. Ол арқылы банк секторының жалпы бағыты айқындалып, елдегі несие мен инфляция деңгейіне әсер етеді. Бұл көрсеткіш бойынша Ұлттық банк коммерциялық ұйымдарға қысқа мерзімді несие береді және олардың қаражатын депозит ретінде қабылдайды.

Қарапайым тілмен айтқанда, базалық мөлшерлеме - ел экономикасының "бағдаршамы". Оны көтерсе, несие алу қымбаттайды, ал түсірсе керісінше арзан несие алу мүмкіндігі артады. Осылайша, Ұлттық банк осы тетік арқылы ақша айналымын реттеп, баға тұрақтылығын сақтауға тырысады.