«Ұлттық Рухани жаңғыру» ұлттық жобасы Қазақ анимациясын дамытады

Dalanews 22 қаз. 2021 05:17 823

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы  туралы айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, ұлттық жоба отандық мәдени өнімді шет елдерге шығаруға мүмкіндік береді.

"Мәселен, енді ауыл мен шалғай елдімекендер халқының 92,5%-ы мәдениетпен қамтылады. Ал министрлік бұл қызметтердің сапасына халықтың қанағаттану деңгейін 75%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Ол үшін 250 жаңа нысан салынып, жұмыс істеп тұрған 1 200 мәдениет нысаны күрделі жөндеуден өтеді.

Елдің шығармашылық әлеуетін тікелей қолдау арқылы отандық мәдени өнімді көбейту, оның ішінде кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесін 25%-ға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.


"Қазақанимация" шығармашылық бірлестігінің базасында 40-қа жуық анимациялық фильм пайда болады, ол да жаңадан құрылатын болады", - деп хабарлады Аида Балаева ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар, жер шарының кез келген нүктесінен жеке электронды платформада Қазақстанның музейлеріне, театрларына, кітапханаларына және басқа да мәдени көрікті жерлеріне үйден шықпай-ақ "баруға" болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар