Ұлттық қорғаныс университетінен Назарбаевтың есімі алынып тасталмақ

Қаракөз Амантай 09 шіл. 2025 09:45

Елімізде Тұңғыш Президенттің есімі берілген Ұлттық қорғаныс университеті енді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп аталмақ, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атаудың өзгеруі туралы құжат “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Онда Үкімет жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесіне қатысты ережелерге өзгеріс енгізуді ұсынған. Құжат 2025 жылдың 18 шілдесіне дейін қоғамдық талқылауда болады.

Бұл университеттің атауынан Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі алынатыны туралы шешім 2023 жылы айтылған. Себебі Сенат депутаттары “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы” Конституциялық заң күшін жойған соң, университеттің атауын өзгертуді ұсынған.

Еске салайық, 2003 жылы еліміздің Қарулы күштері мен арнайы органдарға офицерлер дайындайтын әскери оқу орны құрылды. Оған 2018 жылы Елбасының есімі берілген еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар