Ұлттық қор қаржысы қайда кетті?

Самал Асқар 12 ақп. 2026 09:54

Ұлттық қордан бөлінген трансферттердің жартысынан астамы жайлы мектептер мен Астана LRT жобасына бағытталған, деп хабарлайды Dala News.

Өткен жылы Ұлттық қор қаражатының негізгі бөлігі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларға жұмсалған. Ең ірі екі бағыт – «Жайлы мектеп» жобасы мен Астанадағы LRT құрылысы.

-28,4% – «Жайлы мектеп» жобасына 345,74 млрд теңге
-27,3% – Астана LRT құрылысына 332,42 млрд теңге

Осылайша, екі жобаға трансферттердің 55,7%-ы жұмсалған.

Қалған қаражат төмендегі бағыттарға бөлінді:

-7,7% – көлік инфрақұрылымын дамытуға 93,04 млрд теңге
-5,3% – газ көлік жүйесіне 64,73 млрд теңге
-4,0% – «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасына 48,75 млрд теңге
-3,0% – денсаулық сақтау нысандарына 36,78 млрд теңге
-2,8% – жылумен жабдықтау жүйелеріне 34,42 млрд теңге
-2,8% – қалалардағы су жүйесіне 34,07 млрд теңге
-2,7% – ауылдарды сумен қамтуға 33,42 млрд теңге
-2,4% – гидротехникалық нысандарға 29,38 млрд теңге
-2,4% – Алматы метрополитеніне 28,6 млрд теңге

Қалған шығын баптарының үлесі айтарлықтай төмен.

Ұлттық қор қаражаты негізінен ірі инфрақұрылымдық жобаларға шоғырланғаны байқалады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove