2025 жылғы 25 желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі жаңа жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ақорда хабарлауынша, құжат Қазақстан Республикасының Конституциясының 44-бабының 21) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау функциялары мен өкілеттіктері беріледі. Осылайша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті берілген функциялар мен өкілеттіктер шеңберінде министрліктің құқықтары мен міндеттерін құқықтық мирасқор ретінде жалғастырады.
Сонымен қатар Үкіметке Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасын қажетті түзетулермен қамтамасыз ету, жарлықты іске асыруға қатысты барлық шара қабылдау тапсырылды.
