Ұлттық музейінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі және БАҚ: өзара ықпалдастық жолдары» атты дөңгелек үстел өтті. Шарада музей мен БАҚ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін қарастыру, музейдегі мәдени құндылықтарды насихаттаудың жолдары мен тәсілдерін қалыптастыру және Қазақстанның Мәңгілік Ел ұлттық идеясын жүзеге асырудағы музейдің рөлін жан-жақты сөз болды.
ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай құттықтау сөзінде еліміздің мәдени-тарихи мұрасын насихаттаудағы, сондай-ақ Ұлттық музейдің оң имиджін қалыптастырудағы БАҚ-тың маңызды рөлін атап өтті. Ол дөңгелек үстелге қатысушыларды тарихи және мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау әрі жаңарту ісінде ортақ мақсаттарға жету үшін ынтымақтастықты жалғастыруға және күшейтуге шақырды. Шара барысында ықпалдастық мәселелері талқыланып, БАҚ жетекшілерінен құнды ұсыныстарын алға тартты. Айталық, Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейітқазы Матаев халықаралық деңгейдегі ірі мәдени орталық ретіндегі Ұлттық музейдің рөлін атап өтті, оның одан әрі дамуы мен келушілер санының арта түсетіндігіне сенім білдірді. Сонымен қатар, С.Матаев музей басшылығын Журналистер одағы тарапынан қолдау көрсетілетіндігіне сендірді.
Дөңгелек үстел жұмысының барысында тілшілер музей көрмелерімен және оның тұрақты залдарымен танысты, музейдің ресми сайтының және 3-D турының тұсаукесері болды, сонымен бірге «Мәдени мұра» журналының жаңа форматы таныстырылды. Іс-шарада жеке экспозициялық кешен ретінде қазіргі заманның атақты мүсіншілерінің бірі – Цадок Бен-Давидтің (Zadok Ben-David, Англия, Лондон) «Түн ортасының арғы беті» көрмесі, сонымен қатар қытай фарфорының көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Іс-шара қорытындылары бойынша ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай қатысушылардың ұсынымдары мен ұсыныстары ескерілетіндігін және қорытындыланатындығын атап өтті, және олардың өзара ықпалдастық жөніндегі қос тараптың мәселелерін шешуде сапалы әрі нәтижелі ынтымақтастыққа одан әрі себепші болатындығына сенім білдірді.
Нұрлан ЖҰМАХАН.