Ұлттық банк Мысыр құдайларының бейнесімен монета шығарды

Көркем Алдабергенова 02 жел. 2025 09:08

Қазақстан Ұлттық Банкі «Жаратылыс сырлары» монеталар сериясынан MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Монеталар 2025 жылғы 3 желтоқсаннан бастап ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатылады.

MYSYRLYQ TANYM монетасының дизайны ежелгі Мысыр мен қазіргі заманғы дүниетанымды біріктіреді. Монетаның тантал бөлігінде – Мысыр құдайлары, күміс бөлігінде – технология символдары мен олардың трансформациясы бейнеленген.

Бірнеше құрамнан тұратын MYSYRLYQ TANYM коллекциялық монетасында күрделі технология қолданылған. 925 сынамалы күмістен жасалған монетаның тантал қондырмасы бар. Монетаның жалпы массасы – 162,2 грамм, дайындау сапасы – «proof», номиналы –  2000 теңгелік, дайындау таралымы –  400 (төрт жүз) дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар