Ұлттық банк алтын сатып алу көлемі бойынша әлемде екінші орынға шықты

Көркем Алдабергенова 02 ақп. 2026 10:05

2025 жылы биржадан тыс сауданы қоса алғанда, алтынға деген жалпы сұраныс алғаш рет 5 000 тоннадан асты. Алтын бағасының рекордтық өсуімен қатар бұл нарықтың жалпы құнын 555 млрд долларға жеткізді. Бұл көрсеткіш бір жылда 45 пайызға артқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жыл бойы инвестициялық қызығушылықты айқындаған негізгі факторлар өзгеріссіз қалды.

Орталық банктердің жалпы алтын сатып алу көлемі 863 тоннаға жетіп, 2025 жылға арналған бұрынғы болжамдардың жоғарғы шегін көрсетті. Әлем бойынша ең көп алтын сатып алған орталық банк - Польша Ұлттық банкі, ол 103 тонна алтын қорын толықтырды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2025 жылы 57 тонна алтын сатып алып, әлемде екінші орынға жайғасты. Одан кейінгі орындарда Бразилия, Әзербайжан және Қытай орталық банктері тұр.

2026 жылы геосаяси ахуалдың күрделене түсуін ескере отырып, Дүниежүзілік алтын кеңесі алтынмен қамтамасыз етілген ETF-қорларға қаржы ағыны жалғасады деп күтеді. Сондай-ақ құйма мен алтын монеталарға деген тұрақты сұраныс сақталады, бұл үрдіс орталық банктердің белсенді сатып алуларымен күшейе түседі.

Ал зергерлік бұйымдар нарығы алтын бағасының жоғары болуына байланысты әлсіз күйінде қала бермек.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove