Кеңейтілген Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның қашан бір таңбалы деңгейге түсетінін нақтылады. Бұл сауалға жауап берген Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылға арналған болжамды бөлісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның мәліметінше, әлемдік экономикадағы тұрақсыздық пен ішкі нарықтағы үрдістерді ескергенде, биыл инфляция 9–12% аралығында болуы мүмкін. Соған қарамастан, Ұлттық банк пен Үкіметтің негізгі міндеті – жыл қорытындысы бойынша инфляцияны 10%-дан төмен түсіру.
"Биыл инфляцияны мүмкіндігінше 9% және одан да төмен деңгейге жеткізуге күш саламыз", – деді Ұлттық банк басшысы.
Осылайша, қаржы реттеушісі 2026 жылы баға өсімін бақылауда ұстап, инфляцияны бір таңбалы көрсеткішке жақындатуды басты басымдықтардың бірі ретінде қарастырып отырғанын жеткізді.
