Алматы облысының Жамбыл ауданындағы АЭС-тің үздік атауына жалпыхалықтық байқау өткізу жөніндегі комиссия құрылды. Мұндай бұйрыққа Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұйрық жобасына сүйенсек, 19 қыркүйекке дейін Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауына жалпыхалықтық байқау өткізу қағидалары бекітілуі қажет. Комиссия құрамына Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы, депутаттар, журналистер мен блогерлер кірген.
"17 қазанға дейін байқау өткізілсін және Алматы облысы Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауы айқындалсын", - деп жазылған бұйрықта.
Бұған дейін не белгілі?
Еске салайық, биыл 11 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Осы кездесу барысында Мемлекет басшысы Үлкендегі АЭС-ке атау беру бойынша байқау жариялауды ұсынды.