Сәтбаев қаласында қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам жасаған ісін мойындады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Күдіктінің зардап шегушімен бетпе-бет кездесулері өткізілді. Қазіргі уақытта қызға шабуыл жасағаны үшін ұсталған ер адам мойындау көрсетілімдерін беруде.
Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғынына жасалған шабуыл фактісі бойынша полиция күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-тармағы (қылмысқа оқталу) және 120-бабының 1-тармағы (зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында болған оқиғаның мән-жайларын анықтауға, дәлелдерді жинау мен тіркеуге, тұрғындардан сұрастыруға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Тергеу жалғасуда.